Эквадор жағалауында тағы да жер сілкінді

Фотография - Эквадор жағалауында тағы да жер сілкінді

Зілзала елдің Педерналес қаласының аумағындағы Манаби провинциясының солтүстік-батысында болған

181 0

Эквадор жағалауында магнитудасы 6,0-ге тең жер сілкінісі болды. Бұл туралы Гонконгтың метеорологиялық обсерваториясы хабарлады. Мекеменің мәліметінше, жер дүмпулерінің эпиорталығы - Манта қаласының солтүстік-шығысындағы Манаби провинциясы. Ал тереңдігі теңіз түбінен 100 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінен қираған ғимараттар мен қаза болғандар туралы мәлімет әзірге келіп түспеді. Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуір күні Эквадорда магнитудасы 7,8-ге тең жер сілкінісі болды. Зілзала елдің Педерналес қаласының аумағындағы Манаби провинциясының солтүстік-батысында болған. Жергілікті биліктің ұсынған алдын ала мәліметі бойынша құрбандар саны 587 адамға жеткен. Ал елге келген шығын көлемі – шамамен 3 млрд доллар, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!