Таиландта саяхатшылар мінген автобус апатқа ұшырады

Фотография - Таиландта саяхатшылар мінген автобус апатқа ұшырады

Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 22-сі жарақат алған

269 0

Таиландта туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 1 адам ажал құшты. Бұл туралы ел полициясы хабарлады. Қайғылы оқиға Бангкоктың батысындағы Канчанабур провинциясында болған. Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 22-сі жарақат алған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, автобус жүргізушісі қиядан төмен түсіп бара жатқанда көлігін басқара алмаған. Салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, тасты дөңге соғылған. "Автобус жүргізушісі оқиға орнында жан берді. Тағы 3 жолаушы ауыр жарақат алды", - деп атап өтті полиция қызметкерлері. Зардап шеккен Таиланд  азаматтары жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!