АҚШ пен Мексика арасында қазылған туннель табылды

Фотография - АҚШ пен Мексика арасында қазылған туннель табылды

800 метрлік жерасты жолы үлкен лифтпен және рельстермен жабдықталған

398 0

АҚШ полициясы Мексикамен арада қазылған жасырын туннель тапты. 800 метрлік жерасты жолы үлкен лифтпен және рельстермен жабдықталған. Ол арқылы есірткі тасымалданғанға ұқсайды. Өйткені тәртіп сақшылары туннельден 7 тонна марихуана мен 1 тонна кокаин тапқан. Осы іске қатысты 6 адам қамауға алынды. Соңғы 10 жылда екі ел арасында мұндай туннельдер көп қазылатын болды. Жергілікті биліктің пайымдауынша, ол тек есірткі үшін ғана емес, заңсыз мигранттарды өткізуге де пайдаланылуы мүмкін, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!