Шекспирдің өмірден озғанына 400 жыл болды

Фотография - Шекспирдің өмірден озғанына 400 жыл болды

Басты шара әйгілі классиктің шығармашылық жолы қалыптасқан Лондон қаласында өтті.

274 0

Уильям Шекспирдің өмірден озғанына 400 жыл. Басты шара әйгілі классиктің шығармашылық жолы қалыптасқан Лондон қаласында өтті. Шекспир аруағына тағзым етуге келген АҚШ президенті Барак Обама қайта қалпына келтірілген "Глобус" театрына бас сұқты. Айта кетейік, бұған дейін мерейтой құрметіне "Глобус" театры "Гамлет" спектаклімен 100-ден астам елді аралап келген болатын. 

Доминик Дромгул, "Глобус" театрының көркемдік жетекшісі:

- Соғыс жүріп жатқан елдерге кіре алмағандықтан, көшіп жүрген босқындарға қойылым көрсеттік. Мәселен, Иорданияның солтүстігіндегі сириялықтар паналаған босқындар лагеріне бардық. Онда 120 мың адам тұрып жатыр. Бұл бір қала халқына тең. Камерунда Орталық Африка Республикасынан шыққан босқындар алдында да өнер көрсеттік. Сондай -ақ Джибути, Кале қалаларындағы босқындар лагерінде болдық. 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!