Ресей "Восточный" ғарыш айлағынан алғашқы зымыранды ұшыруға даярлануда

Фотография - Ресей "Восточный" ғарыш айлағынан алғашқы зымыранды ұшыруға даярлануда

Арнайы кесте бойынша дайындық жұмыстары басталды.

330 0


Кеше, сәуірдің 23-і күні "Союз-2.1а" атты ғарыштық зымыран "Восточный" ғарыш айлағының ұшыру жүйесіне орнатылды, деп хабарлады "Ресейғарыш" корпорациясының баспасөз қызметі. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, даярлық жұмыстарын жүргізу үшін ұшыру кешеніне ұтқыр қызмет көрсету мұнарасы жеткізілді. Арнайы кесте бойынша дайындық жұмыстары басталды. Оған сәйкес, зымыран-тасығыштың жүйелерімен және "Волга" шығару блогымен тексеру және сынақ жұмыстары жоспарланған.


Айта кетейік, сәуірдің 27-сі күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 05:01-де Амур облысындағы "Восточный" ғарыш айлағынан "Ломоносов", "Аист-2Д" және "SamSat-218" ("СамСат-218") ғарыш аппараттары бар "Союз-2.1а" зымыран-тасығышын ұшыру жоспарланған.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!