Бағдадта болған қос жарылыстан 12 адам қаза тапты

Фотография - Бағдадта болған қос жарылыстан 12 адам қаза тапты

Алғашқы жарылыс қаланың солтүстігіндегі бақылау бекеттерінің бірінде болды.

240 0

Ирак астанасы Бағдадта болған қос жарылыстан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Алғашқы жарылыс қаланың солтүстігіндегі бақылау бекеттерінің бірінде болды. Бұл маңайда лаңкестік әрекеттен 9 адам мерт болып, 28 адам зардап шекті. Ал екіншісі шаһардың оңтүстігіндегі әскери көліктердің жанында орын алды. Салдарынан 3 адам опат болып, 11 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды.

Ресми мәліметтер бойынша, жарылғыш заттардың бәрі автокөліктерге орнатылған. Лаңкестік шабуылды қай топтың жасағаны белгісіз. Әзірге бұл істі ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алайда, болжам бойынша бұл іске де "Ирак пен Левант ұйымының" қатысы болуы мүмкін.

Айта кетейік, аталған топтың жанкештісі 22 сәуір күні қаладағы мешіттердің бірінде өзін өзі жарып жіберген. Террорлық шабуылдан 9 адам көз жұмды. Сондай-ақ, осы әрекетті мешіт сыртында тағы бір экстремист жүзеге асырмақ болған. Бірақ тәртіп сақшылары дер кезінде байқап, алдын алып үлгерді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша Иракта осы жылдың ақпан айынан бері барлығы 670 адам қаза тауып, 1290 бейбіт тұрғын жараланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!