Бейжіңде Қытайдағы ең ірі Auto China 2016 автосалоны ашылды

Фотография - Бейжіңде Қытайдағы ең ірі Auto China 2016 автосалоны ашылды

Ұйымдастырушылардың бағалауынша, биыл "Инновациядан трансформацияға" аталған көрмені 800 мынан аса адам тамашалайды.

297 0

Қытай астанасында елдегі ең ірі Auto China 2016 автосалоны ашылды. 220 шаршы метрлік салон алаңына әлемнің 14 елінен мыңнан аса көліктері қойылды, деп хабарлайды ТАСС агентігі.

Екі жылда бір өтетін Бейжің автосалонында әуеқойлар мен бігірлер 1179 көлік модельін тамашалай алады. Жаңа көліктердің 112 әлемдік тұсаукесері өтеді, сонымен бірге 147 гибридті және жаңа қуат көзімен жүретін өзге көліктер таныстырмақ.

Ұйымдастырушылар бұл жолы барлық автошоудың ажырамас бөлігі – қысқа киім киген қыздарды тартпаған. Дегенмен қыздар қысқа киіп көлік қасында тұрмағанмен жұмыссыз қалмады. Олар енді келушілерді көліктермен таныстырып, пайдалы кеңестер айтуда.

Биыл көрмеге McLaren, Aston Martin, Bentley, Lamborghini, Ferrari, Toyota, Volkswagen, BMW, Rolls-Royce, Audi, Subaru, Mercedes-Benz, Mazda, Honda, Suzuki, Nissan және басқа да танымал көлік шығарушы компаниялар қатысады.

Алғашқы төрт күн автосалон тек сала өкілдері мен журналистер үшін ғана ашық, жалпы халық үшін есіктер 29 сәуірде ашылып, көрме 4 мамырда аяқталады делінген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!