Йеменде әскери шабуыл барысында "Әл-Қаиданың" 800 содыры жойылды

Фотография - Йеменде әскери шабуыл барысында "Әл-Қаиданың" 800 содыры жойылды

None

153 0

Араб коалициясы және Йеменнің үкіметтік әскерінің елдің оңтүстігіне жасалған әскери шабуылы нәтижесінеде "Әл-Қаида" үймының 800-дей содырының көзі жойылған, деп хабарлайды РИА новсти Саудияның SPA жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Мұның алдында Йемен әскері "Әл-Қаида" бақылауынан Әл-Мұқалла шаһарын азат еткен болатын, бұл қала бір жылдай лаңкестердің күштері шоғырланған орталық болған. Үкімет әскері қарсылық көрмеген, ал лаңкестер батысқа Хадрамаут және Шабва провинцияларына қарай ығысқан.

Йеменде бір жағынан шииттік "Ансар Алла" қозғалысына жататаын көтерілісші-хуситтер және экс-президент Әли Абдалле Салехті қолдайтын әскердің бір бөлігі және екінші жақтан олар қуып шыққан президент Абд Раббу Мансур Хадиді қолдайтын әскер бөлігі арасында қарулы қақтығыстар жалғасуда, соңғы жақты Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы қолдауда. Коалиция әуе күштері көтерілісшілер шоғырланған аймақтарға 26 наурыздан бері соққы жасауда, ал Хадиді қолдауға жіберілген жаяу әскер саны 10 мыңдай адам.

Йеменнің оңтүстігінде "Араб түбегіндегі Әл-Қаида" және *"Ислам мемлекеті" террористік ұйымдары әрекет етуде. Сонымен қатар үкімет әскері Йменнің оңтүстік провинцияларын 2007 жылдан бері тәуелсіз етуге тырысатын "Оңтүстік қозғалыс" содырларымен де қақтығысуда.

-*ИСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!