БАҚ: дүйсенбіде АҚШ президенті Сирияға әскерилер жөнелтетіндігін хабарлайды

Фотография - БАҚ: дүйсенбіде АҚШ президенті Сирияға әскерилер жөнелтетіндігін хабарлайды

Сирияға жөнелтілген әскердің басты мақсаты террористере қарсы жергілікті сунниттерді тарту

204 0

АҚШ президенті Барак Обама дүйсенбі күні 250 әскериді Сирияға *"Ислам мемлекеті" террористік ұйымымыен күресуге жөнелтетіндігін хабарлайды, деп жазады Wall Street Journal газеті.

Мәлімет көзінің хабарлауынша, Сирияға жөнелтілген әскердің басты мақсаты террористере қарсы жергілікті сунниттерді тартып, ИСИМ-нің басты тірегі Ракка қаласын босату.

Егер газеттің жазғаны расталса, АҚШ-тың Сириядағы әскер саны үш жүз адамға жетпек. Оған арнайы әскер сарбаздары, медецина қызметкерлері, барлаушылар мен тылдық қамтамассыз етуші мамандары кірмек.

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары үш жылда Ирак пен Сирияның басым бөлігін басып алған. Бұл ұйыммен күш біріктірген күрес жүріп жатқан жоқ: ұйыммен Ирак пен Сирияның үкімет әскері (Ресейдің қолдауымен), АҚШ бастаған әлемдік коалиция күштері (әзірге әуеден соққы берумен шектелуде), сонымен қатар күрттер және ливандық , ирактық шиит жасақтары күресуде.


*ИСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!