Жапонияда зілзаладан жапа шеккендерге 3 мың баспана салынады

Фотография - Жапонияда зілзаладан жапа шеккендерге 3 мың баспана салынады

Халықтың бір бөлігі сондай-ақ 9 мың мемлекеттік пәтерге жайғаса алады

215 0

Жапонияда жойқын зілзаладан жапа шеккендерге шамамен 3 мың баспана салынады. Халықтың бір бөлігі сондай-ақ 9 мың мемлекеттік пәтерге жайғаса алады. Оның үстіне табиғат апатынан зардап шеккен жұрт мыңнан астам жалдамалы жекеменшік үймен қамтамасыз етілмек. Естеріңізде болса, Күншығыс елінің Кумамото префектурасында 14 сәуірде 6,5 балдық жер сілкінісі болған еді. Араға екі күн салып, мұнда 7,2 балдық жойқын зілзала тіркелген. Одан 49 адам қаза тапты, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!