Аяғынан айырылған сириялық Олимпиада алауын алып жүретін болды

Фотография - Аяғынан айырылған сириялық Олимпиада алауын алып жүретін болды

Ибрагим әл-Хусейн Олимпиада алауын алып жүретіндердің эстафетасына қатысатын болды.

181 0

Параолимпиадалық ойындар шебері, сириялық спортшы Ибрагим әл-Хусейн Олимпиада алауын алып жүретіндердің эстафетасына қатысатын болды. Бес жыл бұрын бомбалау кезінде аяғынан айырылған спортшы 2014-жылы Грекияға келіп қоныстанған екен.

Ол 26-сәуір күні Афинадағы босқындарды қабылдау орталығынан жанынан Олимпиада алауын көтеріп өтетін болады. Грекияның Ұлттық олимпиадалық комитетінің айтуынша, бұл оқиға босқындарды қолдаудың символы болып табылмақ.

"Мен бұл сәтті 20 жыл күткен едім. Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді үнемі армандайтынмын. Енді, міне, мен осы жердемін. Маған, тіпті, армандағанымнан да артық бұйырды десе болғандай", – дейді ол.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!