624

Ереванда болған лаңкестік әрекеттен 2 адам опат болды

Ресми мәліметтер бойынша, тағы 7 адам зардап шеккен.
Фотография - Ереванда болған лаңкестік әрекеттен 2 адам опат болды

Арменияның астанасы Ереванда жолаушылар автобусы жарылып, 2 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Полиция басшысы Владимир Гаспарян жарылғыш заттың қоғамдық көлік ішінде оң жақ бөлігіндегі екінші орындықтың тұсына орнатылғанын, сонымен қатар, тергеу амалдары аяқталғаннан кейін нақты мәлімет берілетінін айтты. Қазір тәртіп сақшылары бейнебақылау арқылы бомбаны кімнің алып кіргенін анықтауда.

Айта кетейік, өткен дүйсенбі күні, кешке таман қаланың орталығында "Богдан" маркалы автобус жарылды. Ресми мәліметтер бойынша, тағы 7 адам зардап шеккен. Олардың арасында балалар да бар. Дәрігерлер науқастардың жағдайы тым ауыр екенін мәлімдеді.