Нью-Делиде ұлттық мұражай отқа оранды

Фотография - Нью-Делиде ұлттық мұражай отқа оранды

Мәліметтерге қарағанда, қызыл жалын 6 қабатты ғимараттың үстіңгі бөлігінде тұтанған

145 0

Үндістан астанасында тарихи жәдігерлер қойылған Ұлттық мұражай отқа оранды. Салдарынан бірнеше құнды ескерткіш жойылған. Мәліметтерге қарағанда, қызыл жалын 6 қабатты ғимараттың үстіңгі бөлігінде тұтанған. Отты сөндіруге 40-қа жуық техника жұмылдырылып, бірнеше сағат бойы тынымсыз жұмыс істеген. Жергілікті билік өртеніп кеткен ескерткіштердің баға жетпес мұра екенін айтып отыр. Қызыл жалынмен арпалысып жүріп, алты өрт сөндіруші жарақат алған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Айта кету керек, мұражай 1978 жылы құрылған. Оның қорында ежелгі динозаврлардың қаңқасы мен бірнеше табиғи жәдігерлер болған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!