Франциядағы ереуіл кесірінен жүйрік пойыздар жолға шықпай қалды

Фотография - Франциядағы ереуіл кесірінен жүйрік пойыздар жолға шықпай қалды

Наразылық шеруге шыққандардың талабы – еңбек заңын оңтайландырып қабылдау мен тасымалдағы мемлекеттік және жекеменшік секторды теңестіру

227 0

Францияда қалааралық жүйрік пойыздың жартысынан көбі жолға шықпай қалды. Оған елдегі кәсіподақ ұйымдарының ұйытқы болуымен темір жол қызметкерлерінің жаппай ереуілге шығуы әсер еткен. Наразылық шеруге шыққандардың басты талабы – еңбек заңын оңтайландырып қабылдау мен тасымалдағы мемлекеттік және жекеменшік секторды теңестіру. Жүйрік пойыздардың жұмысқа шықпауынан мыңдаған жолаушы діттеген жеріне жете алмай, жолда қалды. Дегенмен кәсіподақ ұйымындағылар осы күнге билет алған жолаушыларға пойыздардың жолға шықпайтынын ескерткенбіз деп отыр. Айта кету керек, соңғы 2 айда Франция темір жол қызметкерлері үшінші рет жұмысқа шықпай қалып отыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!