Обаманың Ақ үйі "проходной дворға" айналып барады

Фотография - Обаманың Ақ үйі "проходной дворға" айналып барады

Полиция қызметкерлері резиденцияға кіріп-шығатын барлық қақпаны уақытша жабуға мәжбүр болған

177 0

АҚШ президентін күзететін Құпия қызмет мамандары Ақ үйдің қорғанынан асып түскен кезекті тәртіп бұзушыны қолға түсірді. Осы оқиғадан кейін полиция қызметкерлері резиденцияға кіріп-шығатын барлық қақпаны уақытша жабуға мәжбүр болған, деп хабарлайды BNews.kz.

Вашингтон жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметі мамандарының хабарлауынша, азамат қоршаудан заңсыз асып түсемін деп қолын жаралап алған. Обаманың күзетшілері әдеттегідей қылмыскердің қолын қайырып, абақтыға жаппай, керісінше, жаралаған қолын таңып беріп, жақын маңдағы ауруханалардың біріне жөнелтіпті.

Қылмыскердің Ақ үйге неліктен кірмек болғаны әзірге белгісіз. Айта кетейік, Ақ үйдің қоршауынан асып түсуді "жаны сүйетін" вашингтондықтардың саны жыл санап артып келеді. Бүгінге дейін қолға түскен сол заң бұзушылардың бірнешеуін төмендегі видеолардан көруге болады.

Қылмыскерлердің неліктен есіктен кірмей, қоршаудан асып түсетіні әлі күнге белгісіз күйінде қалып келеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!