Лесбос аралындағы мигранттар полицияға тас жаудырды

Фотография - Лесбос аралындағы мигранттар полицияға тас жаудырды

Жұрт мұнда тиісті күтім көрсетілмейтнін айтып ашынған

89 0

Грекияның Лесбос аралында мигранттардың ереуілі тәртіпсіздіктерге ұласты. Олар босқындар лагеріне келген Эллада елінің көші-қон саясаты жөніндегі министрі Яннис Музаласқа суға толы бөтелкелер лақтырған. Артынша күштік құрылым өкілдеріне тас жаудырыпты. Жұрт мұнда тиісті күтім көрсетілмейтнін айтып ашынған. Сондай-ақ өткен айда көші-қон ахуалымен күрес жүргізу бойынша қол қойылған келісімге де қарсы шығып отыр. Оған сәйкес Кәрі құрлыққа Түркия арқылы келген заңсыз мигранттар осы елге кері қайтарылады. Есесіне Еуроодақ түрік елінде ресми тіркеуге тұрған дәл осыншама босқынды қабылдауы тиіс, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!