Иран келесі жылы бензин импортын тоқтатады

Фотография - Иран келесі жылы бензин импортын тоқтатады

Мұнай өңдеу зауытының қуаты – тәулігіне 36 млн литр бензин және 14 млн литр дизельді отын.

171 0

2017 жылдың наурызында Persian Gulf Star мұнай өңдеу зауытының бірінші кезегі іске қосылады. Жаңа өндірістің тамырына қан жүгіргеннен кейін Иран да бензин импортын тоқтатады, деп хабарлайды Вести.

Мұнай өңдеу зауытының қуаты – тәулігіне 36 млн литр бензин және 14 млн литр дизельді отын. Зауыт күніне Оңтүстік Парс кен орнынан жеткізілетін 360 мың баррель конденсатты өңдеуге қауқарлы.

Жобаны National Iranian Oil Refinery and Distribution Company (NIORDC) мемлекеттік компаниясы мен жекеменшік компаниялар жүзеге асыруда.

Persian Gulf Star зауытының 49%ы –  Oil, Gas and Petrochemical Investment Co., 33,1%-ы –  Oil Industry Pension Fund, 17,9%-ы – National Iranian Oil Refinery and Distribution Company компаниясына тиесілі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!