Үндістанда құрғақшылық зардабын 330 млн адам тартып отыр

Фотография - Үндістанда құрғақшылық зардабын 330 млн адам тартып отыр

Осының кесірінен 330 миллионнан астам адам зардап шегіп отыр

121 0

Үндістанның батысы соңғы 40 жылдан бері құрғақшылық құрсауынан шыға алмай келеді. Осының кесірінен 330 миллионнан астам адам зардап шегіп отыр. Бәрінен де қант қызылшасы мен мақта өсіретін шаруалар тығырыққа тірелген. Жұттан қырылып жатқан мал санында есеп жоқ. Оның үстіне, еңбекке қабілетті жастар қарттар мен балаларды ауылдарда жалғыз қалдырып, көнкөріс үшін өзге өңірлерге кетуге мәжбүр. Жергілікті полиция бір жылдың ішінде мыңнан астам адамның өз-өзіне қол жұмсағанын растады. Үнді билігі аймаққа тұрақты қатынап, әр 8 күн сайын ауыз су жеткізетін арнайы пойыз жүргізсе де, ахуал әлі күнге дейін жақсармай отыр. Синоптиктер алдағы 2 айда температура бағаны 40 градусқа дейін көтеріледі деп болжайды, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!