Венесуэладағы наразылық шеруі тәртіпсіздікке ұласты

Фотография - Венесуэладағы наразылық шеруі тәртіпсіздікке ұласты

Шеруге шыққандар түрлі тәртіпсіздіктерге барып, дүкендерді тонаған

270 0

Венесуэла билігінің электр қуатын үнемдеуге арналған шешіміне қарсы ереуіл соңы бүлікке ұласты, деп хабарлады 24.kz.

 Шеруге шыққандар түрлі тәртіпсіздіктерге барып, дүкендерді тонаған. Бұзақылық Маракайбо қаласында тіптен шектен шықты. Мұндағылар қалалық жарықтандыру мекемесінің ғимаратын өртеп, көше бойындағы дүкендерді қиратқан. Полиция тәртіпке бағынбаған 100-ден астам адамды қамауға алып, күшейтілген құрамда жұмыс істеуге кіріскен. Айта кетейік, қазіргі таңда Венесуэланы қуаңшылық жайлап тұр. Өзендердегі су деңгейі төмендеп, электр стансаларының жұмысы тежелген. Бұл жағдай энергия тапшылығын тудырып отыр.

 Шауд Крондерви, дүкен иесі: - Біз мүлде қорғансыз қалдық. Дүкенді ашып, сауда жасау мүмкін емес. Не айтуға болады. Мың тонаушыны тоқтатуға 10 тәртіп сақшысының күші қайдан жетсін. Тіпті кейбірі қаруланып алған. Мұндай бассыздыққа жол беруге болмайды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!