Apple компаниясының штаб-пәтерінен адамның жансыз денесі табылды

Фотография - Apple компаниясының штаб-пәтерінен адамның жансыз денесі табылды

Мүрде ғимараттағы жиын өтетін залдардың бірінен табылды

280 0

Америкалық алпауыт Apple компаниясының Калифорния штаты Купертино қаласындағы штаб-пәтерінен белгісіз адамның жансыз денесі табылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, марқұм – аталған компанияның қызметкері. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады. Мүрде ғимараттағы жиын өтетін залдардың бірінен табылды. Оның жанында тапанша болған. Әзірге Apple компаниясы аталған іске қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Оның үстіне полиция қызметкерлері де қаза тапқан адамның да аты-жөні туралы ешқандай ақпарат таратпай отыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!