Бурсадағы лаңкестікке қатысты 15 күдікті құрықталды

Фотография - Бурсадағы лаңкестікке қатысты 15 күдікті құрықталды

Бурса қаласының орталығында орналасқан тарихи Улу Джами мешітінің маңында 25 жастағы жанкешті әйел лаңкестік шабуыл ұйымдастырды

304 0

Түркияның Бурса қаласындағы лаңкестік шабуылға қатысы бар деген күдікпен 15 азамат құрықталды, деп хабарлады 24.kz.

Олардың бірқатары қаладан шыға берісте ұсталған. Қазір күдіктілерге қатысты қалалық полиция басқармасы терроризмге қарсы бөлімінде тергеу амалдары басталды деп мәлімдейді, Түркияның Ішкі істер министрі Эфкан Ала. Естеріңізге саламыз, кеше кешкісін Бурса қаласының орталығында орналасқан тарихи Улу Джами мешітінің маңында 25 жастағы жанкешті әйел лаңкестік шабуыл ұйымдастырды. Салдарынан әртүрлі жарақатпен 23 кісі ауруханаға түсті. Түрік қауіпсіздік күштері жанкешті ТГИЛ лаңкесі болуы мүмкін дегенді алға тартып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!