8 жасар қыз құранды екі жылда жаттап алған

Фотография - 8 жасар қыз құранды екі жылда жаттап алған

8 жасар Маария Аслам есімді мұсылман қызы қасиетті Құран Кәрімді жатқа біледі.

293 0

Ағылшындардың Лутон қаласында тұратын 8 жасар Маария Аслам есімді мұсылман қызы қасиетті Құран Кәрімді жатқа біледі. Ол бұл жетістікке жету үшін тынбай екі жыл дайындалған. Бүгінде қасиетті жазбаны жаңылмай оқитын жас қыздың атағы әлеуметтік желілерде аспандап кеткен көрінеді. Бұл туралы muslim.kz  сайты хабарлайды.

Фейсбук парақшасындағы 6 000 тіркелушісі оны үнемі қайырымдылық шараларына шақырып тұратын көрінеді. Қазіргі кезде ол өз анасымен бірге сириялық босқындарға белсенді түрде көмектесіп келеді. Өзінің еңбегімен қол жеткізген жетістігі арқасында Маария босқын балалар үшін бірнеше мың фунт қаржы жинаған. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!