Ресейде алғаш рет зымыран ұшырылды

Фотография - Ресейде алғаш рет зымыран ұшырылды

Зымыран орбитаға "Ломоносов", "Аист-2Д" және SamSat-218 спутниктерін алып шықты.

321 0

Ресейдің жаңа Восточный ғарыш айлағынан алғаш рет бортына үш спутник тиелген "Союз-2.1 а" зымырантасығышы ұшырылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Зымыран орбитаға "Ломоносов", "Аист-2Д" және SamSat-218 спутниктерін алып шықты.

"Союз-2.1" ғарыш айлағынан екінші мүмкіндіктен кейін барып ұшты. Алғашқысы 27 сәуір күні болды. Алайда, бұл істің жүзеге асуына бір жарым минуттай уақыт қалғанда тоқтатылған болатын.

Бұл Восточный ғарыш айлағындағы алғашқы ұшырылым. Мәліметтер бойынша келесі ұшырылым 2017 жылы болуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!