Белгілі кәсіпкер екі сағатта 4,3 миллиард доллар пайда тапты

Фотография - Белгілі кәсіпкер екі сағатта 4,3 миллиард доллар пайда тапты

Марк Цукерберг америкалық NASDAQ электронды биржасы ашылғанда алғашқы екі сағат көлемінде 4,3 миллиард доллар пайда тапты.

243 0

Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг америкалық NASDAQ электронды биржасы ашылғанда алғашқы екі сағат көлемінде 4,3 миллиард доллар пайда тапты. Бұл туралы rg.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Бұл компанияның акция құны көтерілгеннен кейін болды.  Өткен сәрсенбі күні, яғни 27 сәуірде, Facebook алғашқы тоқсандық табысын жариялаған кезде анықталды. Оның құнды қағаздары 10 пайызға артқан, яғни бір қағаз 109 доллардан 118 долларға көтерілді.

Осы жылдың алғашқы үш айында әйгілі компанияның табыс көзі өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, бір жарым есеге артты. Ал таза кіріс көзі 1,5 миллиард долларды құрады. Бұл 2015 жылдағы үш айда тапқан 512 миллион доллар көлеміндегі табыстан үш есе көп. Мәліметтер бойынша, пайданың негізгі көзі – жарнама.

Осыған байланысты, Марк Цукерберг Forbes басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең дәулетті адамдардың тізімінде 5 орынға тұрақтады. Оның жағдайы 51,7 миллиард долларға бағаланып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!