Түрік депутаттары парламентте жаппай төбелесті

Фотография - Түрік депутаттары парламентте жаппай төбелесті

Фото: mynet.com

Салдарынан бес депутат зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

1802 0

Түркия депутаттары парламенттегі конституциялық отырыс кезінде төбелес шығарды, деп хабарлайды Hurriyet Daily News.

Шенеуніктер депутаттық дербес құқықтылық жайындағы заң жобасын талқылап жатқан. Әділет және даму партиясының бірнеше депутаттары БАҚ өкілдерін залдан шығаруды өтінген. Бұл ұсынысқа күрд Халықтық-демократиялық партиясына жақтас депутаттар наразы болады.

Ауызша ұрыс-керіс бірден жаппай төбелеске ұласады.

Соңында Әділет және Даму партиясының үш депутаты және Халықтық-демократиялық партиясының екі депутаты ауруханаға жатқызылды. Талқылау 2 мамырға қалдырылды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!