Италия соты Франческо Скеттино үкімін қайта қарауда

Фотография - Италия соты Франческо Скеттино үкімін қайта қарауда

Осыдан бір жыл бұрын Costa Concordia капитаны кеменің суға батқанына және абайсызда 32 адамның ажалы үшін айыпты деп танылған

322 0

16 жылға бас бостандығынан айыру Франческо Скеттино үшін тым жеңіл жаза. 2012 жылы суға батып кеткен Costa Concordia кеме капитанына шығарылған үкімді аппеляциялық сот қайта қарап жатыр. Флоренция қаласында соттың алғашқы отырысы өтті. Жазасын тым жеңіл санаған прокурор Скеттиноны 27 жылға соттауды талап етті. Ал адвокаттар кеме апатында Скеттиноның кінәсі аз екенін дәлелдемек. Осыдан бір жыл бұрын Costa Concordia капитаны кеменің суға батқанына және абайсызда 32 адамның ажалы үшін айыпты деп танылған. Алайда Скеттино әлі күнге дейін абақтыға қамалған жоқ. Ол сот төрелігінің үш деңгейінде өзін қорғауға берілген заңды құқығын пайдалануда. Еске сала кетейік, Costa Concordia саяхат лайнеры 2012 жылдың 14 қаңтарында Жерорта теңізіндегі Джильо аралының маңында жартасқа соғылып, суға батып кеткен болатын, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!