Францияда ереуілшілер полициямен қақтығысты

Фотография - Францияда ереуілшілер полициямен қақтығысты

Наразылық шаралары ел астанасы Париж бен бірқатар қалаларды қамтыған

159 0

Францияда еңбек заңнамасы реформасына қарсы ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 20-дан астам тәртіп сақшысы жараланған. Наразылық шаралары ел астанасы Париж бен бірқатар қалаларды қамтыған. Оған ұзын саны жарты миллионға жуық адам қатысты. Ереуілшілер күштік құрылым өкілдеріне тас пен пиротехникалық заттар лақтырған. Ал полицейлер көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды. Артынша жаппай тәртіпсіздік жасаған 120 адам қамауға алынды. Айта кеткен жөн, соңғы кездері Францияның Еңбек министрі көтерген бастамаға қарсы халықтың қарсылығы үдеп келеді. Заң жобасы қызметкерлердің жұмыс сағаттын көбейтуді көздейді. Алайда ол үшін үстемеақы төлеу қаралмаған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!