Тікұшақ апатынан 11 адам қаза тапты

Фотография - Тікұшақ апатынан 11 адам қаза тапты

Ресми мәліметтерге сәйкес, тікұшақ бортында 13 адам болған.

432 0

Норвегияның батыс жағалауында тіұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы "Интерфакс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz сайты хабарлайды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тікұшақ бортында 13 адам болған. Олардың 11-і аталған мемлекеттің тұрғындары болса, біреуі Италияның, енді бірі Ұлыбританияның азаматы екені анықталды.

Опат болғандардың көбісі "Статойл" мұнай өндіруші платформаның қызметкерлері. Олар Берген аймағына қарай ұшып бара жатқан. Норвегияда соңғы 19 жыл көлемінде мұндай жағдай тіркелмеген. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!