Ұлыбританияда ұшатын мотоцикл-ховербайк құрастырды

Фотография - Ұлыбританияда ұшатын мотоцикл-ховербайк құрастырды

Жаңа туындының жерден шамамен 50 сантиметрге дейін көтеріліп, бірнеше метрге дейін ұшқанын байқауға болады.

385 0

Ұлыбританияда Колин Ферз есімді инженер өзінің гаражында ұшатын мотоцикл – ховербайк құрастырып шықты.

Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін ховербайкты тексеруден өткізген сәтін видеоға түсірілген. Жаңа туындының жерден шамамен 50 сантиметрге дейін көтеріліп, бірнеше метрге дейін ұшқанын байқауға болады.
Инженер мотоциклге екі пропеллер қойылған қозғалтқыш орнатқан.
Айта кетейік, Стэмфорд қаласында тұратын Ферз өзі ойлап тапқан туындыларымен танымал. 2016 жылдың сәуір айының басында ол ерекше гранататқыш ойлап тапқан болса, 2013 жылы жылдам жүретін балалар арбасын көпшілікке таныстырған.
 

    egemen.kz



    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!