Мұсылман басшы компания табысының 10 пайызын қызметкерлерге үлестіріп берді

Фотография - Мұсылман басшы компания табысының 10 пайызын қызметкерлерге үлестіріп берді

Хамди Улукайя өзінің қоластындағы 2000 жұмысшыны күтпеген жерден сый жасады.

242 0

Белгілі американдық компания директоры Хамди Улукайя өзінің қоластындағы 2000 жұмысшыны күтпеген жерден қуандырды. Ол өзі басқаратын компания табысының 10 пайызын қызметкерлеріне бөліп берген.

2005-жылдан бастап Chobani деп аталатын иогурт шығаруды қолға алған Хамди бүгінде бизнес әлеміндегі ауқаттылардың біріне айналған. Қазіргі уақытта оның компаниясының табысы 3-5 млрд доллар көлемінде бағаланып отыр. Осыған сәйкес, компанияның әрбір қызметкері 150 000 доллар сыйақыға ие болған.

Айта кетейік, Хамди 2014-жылы Ирак пен Сириядағы қантөгістен бас сауғалаған босқындар үшін 2 млн доллар қаржысын қайырымдылыққа жұмсаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!