Иран билігі Бағдадқа бағытталған ұшақтарды уақытша тоқтатты

Фотография - Иран билігі Бағдадқа бағытталған ұшақтарды уақытша тоқтатты

Олардың мұндай қадамға баруына Ирак астанасында белең алған жаппай тәртіпсіздік себеп болған

203 0

Иран билігі Бағдадқа бағытталған әуе рейстерінің барлығын уақытша тоқтатты. Олардың мұндай қадамға баруына Ирак астанасында белең алған жаппай тәртіпсіздік себеп болған. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының қажылық және зиярат ету ұйымының басшысы мәлімдеді. Айтуынша, көрші елдің қасиетті жерлеріне зиярат етуге барған 300-ге жуық адам Бағдад қаласына кіре алмай тұр, деп хаабрлады 24.kz.

 Еске сала кетейік, Ирак астанасында ереуіл ұйымдастырған шиіттік ағым өкілдері Парламент ғимаратына басып кіріп, оның ішіндегі жиһаздарды қиратты. Бүлік салдарынан қалаға кіретін жолдар жабылды. Үкімет ғимараттары мен елшіліктер орналасқан жасыл аймақта эвакуация жүргізілген. Қазір елдің әскери қолбасшылығы шаһарда төтенше жағдай жариялап, толық жауынгерлік әзірлікке көшті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!