Брюссель әуежайының 80 пайызы қалпына келтірілді

Фотография - Брюссель әуежайының 80 пайызы қалпына келтірілді

22 наурызда болған лаңкестік әрекеттен Брюссельде 16 адам көз жұмған болатын

135 0

Қырық күн бұрын жарылыс болған Брюссель әуежайы жолаушыларды қабылдай бастады. Мұнда тіркеуден өткізетін 111 орын қайта қалпына келтірілген, деп жазды 24.kz.

 Қазірде әуежай қызметінің жұмысы 80%-ға артты. Алайда әкімшілік әуежай тек маусымның аяғына қарай толық жұмыс істейтінін хабарлады. 22 наурызда болған лаңкестік әрекеттен Брюссельде 16 адам көз жұмған болатын. Әуежай қызметінің жандануына байланысты мерт болғандарды еске алу рәсімі де ұйымдастырылды. 

Шарль Мишель, Бельгия Премьер-министрі: - Еш қиындықтарға қарамастан, біз терроризммен күресті жалғастыра береміз. Бүгін әуежай қызметі қайта қалпына келтірілді. Бельгия астанасының әуежайына қош келдіңіздер!

 Сара Баррани, әуе компания өкілі: - Бұл жерде болған оқиғадан кейін қайта оралу өте ауыр. Дегенмен біз жолаушыларға өз қызметімізді ұсынып, жұмысымызды жалғастыратынымызға қуаныштымыз. Осы арқылы біз өз күш-жігерімізді көрсете білдік.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!