Германияда мерекелік шеру соңы бүлікке ұласты

Фотография - Германияда мерекелік шеру соңы бүлікке ұласты

Наразылық шарасына 13 мың адам жиналған

195 0

Бірнеше қалада сақшылар мен халық арасында қақтығыс болды. Мәселен Берлинде бас көтергендер полицияға бөтелке, тас лақтырды. Оған жауап ретінде тәртіп сақшылары суатқышты қолданды. Наразылық шарасына 13 мың адам жиналған, деп жазды 24.kz.

Гамбург пен Плауэндегі халық та қоқыс жәшіктерін өртеп, көшеде төбелес ашып, лаң шығарды. Оларды басу үшін полицейлер көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды. Операция кезінде ондаған көше жабылды. Сондай-ақ метро мен электричканың орталық стансалары уақытша тоқтатылды. Соңғы мәлімет бойынша 50 адам ұсталып, 10 тәртіп сақшасы зардап шекті.

 Петер Лутц, шеруге қатысушы: - Мен кәсіподақтың мүшесімін – социалистпін. Біздің Германиядағы саясатқа көңіліміз толмайды. Елге жаңа реформа керек. Ең төменге еңбекақының көлемін көтеру керек. Неміс кадрларының біліктілін көтеретін бағдарламаларға көбірек қаржы бөлу керек деп есептеймін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!