Орман өртінен 6 адам опат болды

Фотография - Орман өртінен 6 адам опат болды

Тілсіз жау 2 мың гектарға жуық аймақты жалмаған.

239 0

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаркханд штатында орман өртінен 6 адам ажал құшты. Бұл туралы russian.rt.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Мәліметтер бойынша, тілсіз жау 2 мың гектарға жуық аймақты жалмаған. Осыған байланысты 6 мың өрт сөндіруші жұмылдырылды.

"Қазіргі кезде өртке байланысты 922 оқиға тіркелді. Салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың арасында үш әйел және бір бала бар. Сонымен қатар, жеті тұрғынның жараланғаны белгілі болды", – делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!