АҚШ президенттігіне үміткер Тед Круз саяси додадан шығып қалды

Фотография - АҚШ президенттігіне үміткер Тед Круз саяси додадан шығып қалды

Индиана штатында әріптесіне жол берген Тед Круздың таласты жалғастыруына ешқандай негіз қалмаған

925 0

АҚШ президенттігіне үміткерлер қатары біртіндеп азая бастады. Бүгін Республикалық партия атынан қосылған Тед Круз саяси доданы жалғастырмайтынын жария етті, деп жазды 24.kz.

Тед Круз, Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер: - Мен әуел баста-ақ жеңіске жету мүмкін болса, соңына дейін баратынымды айтқанмын. Бірақ бүгін жарыс жолым осы жерден біткен сияқты. Сайлаушылар өзге адамды таңдады. Ауыр болса да, жасымай сайлауалды жұмыстарымызды тоқтатамыз.

 Индиана штатында әріптесіне жол берген Тед Круздың таласты жалғастыруына ешқандай негіз қалмаған. Енді бұл партияның ресми үміткері миллиардер – Дональд Трамп. Оны қолдаушылардың саны мыңнан асып кеткен. Ал Тед Крузды алты жүз адам ғана қолдаған. Индиана штатындағы праймеризде Демократиялық партия үміткерлерінен Сандерс жеңіске жетті. Дауыс санау нәтижесі бойынша ол өзінің басты қарсыласы – Хиллари Клинтоннан 6 пайыз дауыс артық жинаған. Алайда бұл жеңілісіне қарамай, Хилори Клионтон демократиялық партияның фавориті саналады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!