Мессидің кішкентай жанкүйері "Талибан" кесірінен Ауғанстаннан көшіп кетті

Фотография - Мессидің кішкентай жанкүйері "Талибан" кесірінен Ауғанстаннан көшіп кетті

Істің насырға шабуынан қорыққан Мохаммад Ариф Ахмади отбасын алып, буынып-түйініп, көрші Пәкістан астанасына қоныс аударды

136 0

Атақты футболшының атын пластик қалтаға жазып киген кішкентай Муртаза Ахмадидің отбасы Ауғанстаннан үдере көшті. Баланың әкесі Мохаммад Ариф Ахмадидің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында Муртазаның аты шығып, жұрт назары ауғаннан бері сес көрсеткен "Талибан" террористік тобынан бірнеше рет хат алған. Істің насырға шабуынан қорыққан Мохаммад Ариф Ахмади отбасын алып, буынып-түйініп, көрші Пәкістан астанасына қоныс аударды, деп хабарлайды AP. Артынша Ахмади отбасы БҰҰ-ның Кветта қаласындағы босқындар жөнінен агенттігіне жүгініп, саяси баспана сұрады. Енді отбасы "агенттік оларды әлемнің қауіпсіз жеріне жөнелтеді" деп үміттеніп отыр. Ахмадилердің өзіне салса, баласының сүйікті футболшысы Месси тұрып жатқан Испанияға қоныс аударып, сол жерде кішкентай Муртазаның арманын шындыққа айналдыруды көздейді екен, деп жазды 24.kz.  

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында Мессидің футболкасына ұқсатып, пластик дорбаны киіп, суретке түскен балақай Ауғанстаннан табылған еді. Артынша оны жасыл алаң жұлдызының өзі іздестіріп, Муртазаға қолтаңбасы қойылған футболканы Ауғанстан футбол федерациясының өкілдері арқылы беріп жіберген болатын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!