Бес жүз еуролық ақшаның шығарылуы доғарылады

Фотография - Бес жүз еуролық ақшаның шығарылуы доғарылады

Еуропалық орталық банктің мәжілісі кезінде маңызды шешім қабылданды.

108 0

Енді айналымнан 500 еуролық банкнота алынып тасталып, оның басып шығарылуы 2018 жылға дейін мүлде доғарылады, деп хабарлайды Reuters. Жалпы бұл шара ақшаның осы түрімен жиі жасалатын алаяқтық әрекеттерге байланысты қолданылып отыр. Бірақ, осының барлығына қарамастан, 500 еуро ресми төлем құралы болып қала береді.

Айта кету керек, еуроаймақтағы орталық банктің бұл шешіміне кезінде Германия қарсылық білдірді. Алайда банктің осы ақшаны террористердің пайдалануы мүмкін екендігі туралы дәлелдері немістердің дәйектерінен басым түсіп, ақыры ең ірі еуро банкнотасын шығару тоқтатылатын болды. 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!