Мехикода жүк және жеңіл көліктерге көшеде жүруге тыйым салынды

Фотография - Мехикода жүк және жеңіл көліктерге көшеде жүруге тыйым салынды

Соңғы үш күнде қалада автокөліктердің жүруіне қатаң шектеу қойылған.

134 0

Мексика астанасы Мехикода ауаның қатты ластануына байланысты жүк және жеңіл көліктердің саны 40%-ға төмендеді. Мұндай шешімді қала билігі қабылдаған, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Соңғы үш күнде қалада автокөліктердің жүруіне қатаң шектеу қойылған.

Шаһар билігі қойған талап бойынша, қаладағы көліктердің бестен бір бөлігі жұмыс күндері пайдаланылмауы қажет. Жүргізуші өз көлігін темір тұлпардың нөміріне байланысты белгіленген күні ғана қолдана алады.

Әйтсе де бұл шектеу экологияға оң әсер ете қоймады. Сәрсенбі күні Мехиконы қалың түтін басып, ауаның ластануы жоғары дәрежеге жеткен.

Қала билігі бұл жағдайды «жергілікті климаттың ерекшелігінен» деп түсіндіруде. Себебі, Мехикода көктем мезгілі ыстық әрі құрғақ болады, жел де соқпайды. Салдарынан шаһарды қою түтін басып, озон пайда болады. Қазіргі таңда оның ауадағы мөлшері 1,9 еседен асқан.

Автокөліктерге қойылған шектеу тек маусым айында алынады. Себебі, бұл айда жаңбыр көп жауады екен. Бұл ауаның тазаруына аз да болса септігін тигізеді.

Ал экологтар көліктерге қойылған шектеу қаладағы ауаның тазаруына көмектеспей жатқандығын алға тартып отыр. Олар мәселе мұндай жолмен шешілмейді деген пікірде. Себебі, шаһарда қоғамдық көліктің жұмысы жөнді жолға қойылмаған. Әрі мұнда ауаға зиянды қалдықтарды шығаратын кәсіпорындар көп шоғырланған.

Бұған қоса Мехико қаласының географиялық орналасуы да мәселені қиындатып отыр. Себебі, таулар ластанған ауаның тарап кетуіне кедергі жасайды.

2014 жылғы деректер бойынша, қалада 4,7 млн автокөлік тіркелген. Ал шаһар тұрғындарының саны – 8,8 млн.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!