Жапонияда балалар саны азайып барады

Фотография - Жапонияда балалар саны азайып барады

Халқы 127 миллионды құрайтын Күншығыс елінде 2016 жылдың 1 сәуірі бойынша жасөспірімдер саны саны – 16,05 миллион.

310 0

Жапонияда 15 жасқа дейінгі балалар саны ең төменгі дейгейге жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Халқы 127 миллионды құрайтын Күншығыс елінде 2016 жылдың 1 сәуірі бойынша жасөспірімдер саны саны – 16,05 миллион. Бұл өткен жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 150 мыңға аз. Ресми мәліметтер бойынша балалар үлесі –13 пайыз, яғни 1950 жылдан бергі рекордтық деңгейдегі аз көрсеткіш болып есептеледі.

12-14 жас аралығындағы балалар саны – 3,42 миллион болса, жаңа туған нәресте мен 2 жасқа дейінгі бүлдіршіндер саны – 3,07 миллион. Сонымен қатар, ұлдар саны – 8,22 миллионды құраса, қыздардың қатары – 7,82 миллион.

Осы көрсеткішпен Жапония ең кемінде 40 миллион халқы бар елдердің арасында ең соңғы орында келеді. Бұған бірден-бір себеп – туу көрсеткішінің азаюы.

Айта кетейік, аталған мемлекетте қарттардың саны артып келеді. Статистика бойынша, 65 жастан жоғары тұрғындардың саны 34,8 миллион, бұл жалпы халықтың шамамен 26,7 пайызын құрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!