Аптап ыстықтан 181 адам ауруханаға жатқызылды

Фотография - Аптап ыстықтан 181 адам ауруханаға жатқызылды

Зардап шеккендердің көпшілігі 65 жастан асқан қарт кісілер.

165 0

Жапонияда аптап ыстықтан 1 апта ішінде, яғни 25 сәуір мен 1 мамыр аралығында 181 адам ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Бұл осы жылғы алғашқы статистикалық ақпарат. Дәрігерлер алты адамның жағдайы мүшкіл екенін, осыған байланысты олар ең кемінде 3 апта ауруханада ем қабылдауы керектігін мәлімдеді. Зардап шеккендердің көпшілігі 65 жастан асқан қарт кісілер.

Айта кетейік, мұндай оқиға өткен айда Үндістан мемлекетінде де тіркелген. Алайда, бұл елде ауа райының күрт ысуынан екі жүзге жуық адам қайтыс болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!