Кенияда зілзаладан кейін 226 ғимарат қиратылады

Фотография - Кенияда зілзаладан кейін 226 ғимарат қиратылады

Тексеріс кезінде тұрғындардың 60 пайызы сертификатталмаған баспаналарда тұратыны белгілі болды.

240 0

Кенияның астанасы Найроби қаласында зілзалаға шыдамайтын 226 ғимарат қиратылады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Daily Nation басылымының хабарлауынша, қазірдің өзінде Хурума ауданында мұндай тізімге 70 ғимарат енген. Бұл аймақта толассыз жауған жаңбырдың салдарынан өткен айдың соңына таман 6 қабатты тұрғын үй құлап, 40 адам қаза тапқан болатын.

Осыған байланысты, ел президенті Ухуру Кениата осы маңайдағы үйлердің бәрін тексеруден өткізуді тапсырған. Тексеріс кезінде тұрғындардың 60 пайызы сертификатталмаған баспаналарда тұратыны белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!