Канададағы орман өрті 100 мың гектардан астам аумақты жалмады

Фотография - Канададағы орман өрті 100 мың гектардан астам аумақты жалмады

Көршілес Британдық Колумбия провинциясында халық қауіпсіз жаққа көшіріле басталды

156 0

Канаданың Альберта провинциясындағы орман өрті бой бермей барады. От 100 мың гектардан астам аумақты жалмаған. Көршілес Британдық Колумбия провинциясында халық қауіпсіз жаққа көшіріле басталды. Онда қазірдің өзінде бірнеше мыңдаған тұрғын үйлерін тастап шыққан. Естеріңізге сала кетейік, Альбертадағы жасыл желек өткен жексенбіден бері өртеніп жатыр. Күшті жел жалынның өршуіне себеп болған. Тілсіз жаудың кесірінен Мак-Мюррей қаласындағы 88 мың адамды көшіруге тура келді. Сарапшылардың есептеуінше, өрт аймақты 9 млрд доллар шығынға батырған , деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!