Лондон мэрі болып алғаш рет мұсылман дінді азамат сайланды

Фотография - Лондон мэрі болып алғаш рет мұсылман дінді азамат сайланды

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Лондондағы сайлауда Садик Ханға сайлаушылардың 44%-ы дауыс берген

172 0

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласының мэрі болып Корольдік тарихында алғаш рет Лейбористік партиядан ұсынылған мұсылман дінді азамат сайланды, деп жазды 24.kz.

 Соңғы мәліметтерге қарағанда, Лондондағы сайлауда Садик Ханға сайлаушылардың 44%-ы дауыс берген. Ал оның басты қарсыласы – Консерваторлар партиясының үміткері, миллионер Зак Годсмит дауыстың 35%-ын еншілеген. Айта кету керек, бұған дейін Лондонды сегіз жыл бойы басқарған Борис Джонсон бұл науқанда өзінің партияласы Зак Годсмитке қолдау көрсеткен. Алайда ол Годсмитті жеңіске жетелей алмады. Саяси науқанның нақты нәтижесі көп ұзамай ресми түрде жариялануы тиіс.

 Садик Хан, Лондонның жаңа мэрі: - Лондонның барлық тұрғындарына алғыс айтамын. Сенімдеріңізге рақмет. Саяси сайыс тартысты өтті. Сайлаушылар үрейді емес, үмітті, бөлінуді емес, бірлікті таңдады. Қорқыныш бізді қауіпсіз етпейді, керісінше, әлсіз қылады. Ал әлсіздікке біздің қалада орын жоқ.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!