Лондонның жаңа мэрі құран ұстап ант берді

Фотография - Лондонның жаңа мэрі құран ұстап ант берді

Өткен сенбіде Ұлыбритания астанасының мэрі болып Садық Хан есімді мұсылманның сайланған болатын

212 0

Өткен сенбіде Ұлыбритания астанасының мэрі болып Садық Хан есімді мұсылманның сайланған болатын. 45 жастағы Садық Хан қызметіне кірісер алдында қасиетті Құранға қолын қойып, ант берді: «Мен мұсылман ретінде ішімдік ішпеймін, Рамазан айында ораза ұстаймын, халал тағаммен ауқаттанамын» деді ол ант беру рәсімінде.  

Сонымен қатар, Ұлыбритания тархында тұңғыш рет ел астанасының мэрі болып сайланған мұсылман. Ол оппозициялық лейборитсік партия атынан сайлауға түскен. Оның саяси додадағы қарсыласы да оңай шағылатын жаңғақ емес: миллиардердің ұлы Зак Голдсмит билік басындағы консерваторлар партиясының атынан сайланған депутат. Алайда, мұсылманның бағы жанып, 56,8 пайыз дауыспен сайланды. Ол пәкістандық эммигранттар отбасынан шыққан. Дені христиан тұрғындарының таңдауына неге ділі де, діні де жат Садық Ханға түсті? Біріншіден, билік басында әлемге әйгілі Кембридж, Оксфорд секілді қабырғалы жоғарғы оқу орындарын бітірген байлардың қарасы онсыз да көп, екіншіден, оның жүріп өткен жолы барынша тартымды: заңгер, адам құқығын қорғаушы. Халыққа берген уәдесі де электораттың көңілінен шықты: қылмысты барынша азайту, арзан баспана, қоғамдық көліктегі бағаны ауыздықтау, т.б.

Айта кетейік, оның қарсыласы көзір ретінде мұсылмандарды террорист етіп, одан тұрғындарды қорғауды мәлімдегенімен, оның бұл уәжі кәдеге аспай қалды. Ал Садық Ханның берген антының өзі халықтың көңілінен шыққан еді: «Мен мұсылман ретінде ішімдік ішпеймін, Рамазан айында ораза ұстаймын, халал тағаммен ауқаттанамын». Садық Хан Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамында қалғанын қалайды.


Baq.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!