Панама мигранттар үшін Колумбиямен шекарасын жапты

Фотография - Панама мигранттар үшін Колумбиямен шекарасын жапты

Колумбияда Құрама штаттарды бетке алған мыңдаған босқын жүр

106 0

Мұндай қадам АҚШ-қа ағылған кубалық босқындар нөпірінен кейін жасалып отыр. Өйткені бұл елде Құрама штаттарды бетке алған мыңдаған босқын жүр. Бұл туралы Панама президенті Хуан Карлос Варела мәлімдеді.

Сонымен қатар шекара жабылысымен бостандық аралынан келген босқындарды ұшаққа отырғызып, Мексикаға жөнелту жұмыстары басталып кеткен. Айта кеткен жөн, Вашингтон көші-қон заңында құрлықпен жеткен кубалық босқындарға айрықша басымдық беріліп, олардың баспана мен өзге де әлеуметтік көмек алуына жеңілдіктер жасалған. Алайда бір-бірімен қырғи қабақ боп жүрген елдердің қатынасы 2015 жылы қайта түзеле бастағалы бері босқындар саны күрт артқан. Олардың ойынша, арадағы алыс-беріс пен барыс-келіс күшейсе, АҚШ кубалық босқындарға арналған айрықша басымдықты алып тастауы мүмкін.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!