Филипинде "Жазақор" деген атпен белгілі саясаткер сайлауда жеңске жетті

Фотография - Филипинде "Жазақор" деген атпен белгілі саясаткер сайлауда жеңске жетті

Жаңа президент елде қатаң тәртіп орнатып, қылмыскерлермен аяусыз күрес жүргізбек ниетте.

393 0

Филиппинде өткен президент сайлауында Родриго Дутерте жеңіске жетті. Жаңа президент елде қатаң тәртіп орнатып, қылмыскерлермен аяусыз күрес жүргізбек ниетте, деп хабарлайды Euronews.com.

"Адам құқығына қатысты заңдарды ұмытыңдар! Мен президент сарайына кіріп отырмын. Сондықтан мен мэр болған кезде нені істесем, президент қызметінде де сол әрекетімді істеймін", - деді сайлау кезінде Родриго Дутерте.

Айта кетейік, Родриго Дутерте Давао қаласында 22 жыл мэр қызметін атқарған. Халық оған  қылмыскерлерді тергеусіз және сотсыз жазалағаны үшін "Жазақор" деген ат берген. Ал оппоненттер жаңа президентті елде диктатура орнатуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!