Қытайда толассыз жауыннан 9 адам қаза тапты

Фотография - Қытайда толассыз жауыннан 9 адам қаза тапты

Қаза тапқандардан бөлек, үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

298 0

Қытайдың Оңтүстік, Шығыс, және орталық бөлігінде толассыз жауған нөсерден 9 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, толассыз нөсер халықты әбігерге салған. Қаза тапқандардан бөлек, үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

"Табиғаттың тосын мінезінен миллиондаған адам зардап шеккен. Елдің бірнеше өңірінде сел жүріп, лай көшті. Салдарынан электр бағандары үзіліп, он мыңдаған тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді", – дейді құтқарушылар.

Айта кетейік, бір ғана Цзяси провинциясының өзінде нөсерден 500-ден астам үй су астында қалған. Жергілікті метеорологтар нөсер әлі бірнеше күн жауады деген болжам жасауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!