Екі ел шекарасында босқындар жаға жыртысты

Фотография - Екі ел шекарасында босқындар жаға жыртысты

Төбелеске 300-дей адам қатысқан

269 0

Грекияның Македониямен арадағы шекарасында мигранттар жаға жыртысты. Төбелеске 300-дей адам қатысқан. Оқиға Идомени лагерінде болды. Ауғанстан мен Пәкістаннан келген азаматтар бір-біріне тас атып, таяқ пен темір ала жүгірген. Олардың ашуға мінуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жаппай тәртіпсіздікті тоқтату үшін полицейлер лажсыз көзден жас ағызатын газ шашқан. Айта кету керек, бүгінде Идомени лагерінде 10 мыңға жуық мигрант бар. Македония билігі шекараны жапқалы олар көрші ел аумағына өте алмай, әуре-сарсаңға түсуде, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!