Үндістанда 72 жастағы әйел алғашқы сәбиін босанды

Фотография - Үндістанда 72 жастағы әйел алғашқы сәбиін босанды

Фото: hindustantimes.com

Осыдан 8 жыл бұрын, яғни 2008 жылы Уттар-Прадеш штатының тұрғыны да 72 жасында егіз баланы босанған.

420 0

Үндістанның Харьяна штатында 72 жастағы Далджинжер Каур есімді әйел адам алғаш рет ана атанды. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Тұрмыс құрғанына 46 жыл болса да, бала көтере алмаған. Үмітін үзбеген 79 жастағы күйеуі Мохиндер Синг Гилла екеуі соңғы екі жыл бойы аталған штаттағы клиникалардың бірінде үзбей ем қабылдаған. France-Press агенттігінің хабарлауынша, отбасындағы қуанышты жағдай 19 сәуір күні болған. Алайда, бұл мәлімет өткен сейсенбіде, яғни 10 мамыр күні белгілі болды.

"Жаратқан менің үзбей жасаған дұғаларымды қабыл алды. Енді мен толыққанды отбасыда өмір сүріп жүргенімді сезінудемін. Бойымдағы күш-қуатым әлі қайтқан жоқ, баламды өзім бағып-қағамын. Жұбайым да қамқор адам, маған барынша көмек көрсетіп жүр. Сәбиіміздің есімін Армаан (Armaan) деп қойдық", – дейді Далджинжер Каур.

National Fertility and Test Tube медициналық орталығының хабарлауынша, ол жасанды жолмен ұрықтандыру (Экстрокорпоралдық ұрықтандыру) арқылы сәби көтерген.

Айта кетейік, бұл Үндістанда болған алғашқы жағдай емес. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни 2008 жылы Уттар-Прадеш штатының тұрғыны да 72 жасында егіз баланы босанған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!