Эфиопияда жауын салдарынан 50 адам көз жұмды

Фотография - Эфиопияда жауын салдарынан 50 адам көз жұмды

Қазір өңірде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр

252 0

Эфиопияда толассыз жауған нөсер соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласты. Табиғи апат салдарынан 50 адам қаза болды.

Елдің оңтүстік-шығысында мың бас ірі қара мал суға кеткен. 10-нан астам тұрғын ізім-қайым жоғалғандар санатында. Күре жолдар мен көпірлерді су шайып кеткендіктен, оларды іздестіру қиынға соғып тұр. Шығыс Африкадағы Уганда елінде де лай көшкіні жүріп өтіп, 13 тұрғын көз жұмған. Соның ішінде 9 бала бар. Қазір өңірде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.



24.kz

Тегтер:

Эфиопия сел

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!